Архив событий

14/07/2016

ШҚО Семей қалалық соты еңбекақы бойынша берешек өндірілді

14/07/2016

Семей қалалық сотымен еңбекақы берешегін өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер К.Қалиев «Тасқара» ЖШС-імен 2014 жылдан 2016 жылдар аралығында еңбек қарым-қатынасында болған. Аталған мерзім аралығында оған мүлде еңбек ақы төленбеген.

Еңбек Кодексінің 113 бабының 1 тармағына сәйкес еңбекақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы түрінде айына кем дегенде бір рет келер айдың алғашқы онкүндігінен кешіктірілмей төленуі шарт.

Өскемен қалалық сотында медиативті келісім бекітілді

14/07/2016

Өскемен қалалық сотында материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер өзінің талабында ПИК-тің істегі зерттеу актісі түсініктеріне сүйеніп, жауапкердің кесірінен бірнеше рет пәтерін су басқанын айтып көрсетті.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібінде бітімгершілікпен шешу мақсатында  өзара келісімге келді. Келісімге сай жауапкер келтірген материалдық және моральдық зиянды өтеу мақсатында 87 000 теңге өтеуге келісті.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында 2016 жылдың 1-жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

14/07/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы С.Ахмеджанов «Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының 2016 жылдың 1 ші жартыжылдық жұмыс қорытындысы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өткізілді.

Аталған шараға Тарбағатай аудандық прокуроры Б.Бекенов,   қоғамдық кеңесші, кәсіби емес медиатор Т.Омар, Ақжар аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы Г.Жунусбекова, Ақжар полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Е.Жақиянов қатысты.

Зайсан аудандық сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті

14/07/2016

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев Зайсан аудандық сотының 2016 жылдың бірінші жартыжылдық жұмысының қорытындысы жөнінде баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатына Зайсан аудандық «Достық» газетінің тілшісі А.Бөлдекбаева, аудандық құқық қоғау мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Семей қалалық соты олқылықтарға жол берген мемлекеттік мекемеге қатысты жеке ұйғарым шығарды

14/07/2016

Семей қалалық соты "АХАЖ" ММ-іне қатысты жеке ұйғарым шығарды, себебі Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Кодексінде олқылықтарға жол берілген.

Жеке ұйғарым В.Петроченконың М.Мутоваға қатысты некені бұзу туралы арызы бойынша азаматтық іске байланысты шығарылды.

Өскемен қалалық сотында қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды

14/07/2016

«Қазақстан Халық банкі» АҚ-ы  М. Горбачев қатысты банк келісім шарты бойынша қарызды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Талапкер өзінің талап арызында келісім шарт бойынша жауапкерге 36 айға 1 000 000 теңге банктік несие берілгендігін көрсеткен. Жауапкер қарызды уақытында өтемеуіне байланысты, оның қарызы 475 783 теңгені құраған.

ШҚО Семей қалалық сотымен тараптар дауды бейбіт жолмен реттеді

14/07/2016

Семей қалалық сотымен материалдық және моральдық шығындарды өндіру бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарынан,  А.Осадчий Л. Сартовадан пәтерін су басу салдарынан орын алған 310 147 теңге материалдық залалды, сонымен қатар 600 000 теңге моральдық әрі сот шығындарын өндіруді сұраған.

Күршім аудандық сотының қаулысымен балық аулағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

14/07/2016

Күршім аудандық соты ӘҚБтК-нің 383 бабының 3 бөлігімен (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйм салынған құралдармен немесе тәсілдерімен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондайақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ өрескел бұзу)  азамат А.Қамызановқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

ШҚО Катонқарағай аудандық сотында қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

14/07/2016

Катонқарағай аудандық сотымен ҚК 108 бабы, 1 тармағы бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіріп қылмыстық құқық бұзушылық жасаған айыпталушы азамат О.Жунусовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Г.Жунусова масаң күйінде отбасылық ұрыс кезінде зайыбының денсаулығана жеңіл түрде дене жарақаттарын келтірген.

Ұлан ауданының №2 аудандық соты тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік іс қысқартылды

14/07/2016

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен азамат С.Ортабаевқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы С.Ортабаев өз үйінде жанжал шығарып, әйеліне балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот отырысында жәбірленуші құқық бұзушыға кешірім беретінін айтып, өзара татуласуларына байланысты әкімшілік істі қысқартуды сұраған.

ШҚО Глубокое аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

14/07/2016

Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК 73 бабы 1 бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту) бойынша С.Таутановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.  

Сотта С.Таутанов алкогольдік масаң күйінде бұрыңғы жұбайының үйіне келіп жан-жал шығарып, оған былапыт сөздер айтқаны анықталды.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында «Құжаттарды мемлекеттік тілде дайындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

14/07/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотының судьясы С. Жүніспекова «Құжаттарды мемлекеттік тілде дайындау» тақырыбында  құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.