Архив событий

04/07/2016

Алаяқтық әрекеттер жасағаны үшін сотталды

04/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 190 бабы 1 бөлігі (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) бойынша  Н.Құрмансеитовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Н.Құрмансеитов автобекет аймағында Д.Миреевтың жеке куәлігін тауып алған. Содан кейін, сауда үйінде Д.Миреевтың қолын жалған жасап, жалпы бағасы 104 800 теңге «Samsung Galaxy A3», «Samsung Galaxy Grand Prime»  ұялы телефондарына несие рәсімдеген. 

Жұмысқа қайта орналастыру туралы дау бейбіт жолмен шешілді

04/07/2016

Семей қалалық сотымен жұмысқа қайта орналастыру туралы және мәжбүрлі түрде жұмыстан босатқан кездегі жалақыны өндіруге қатысты ааматтық іс қаралды.

Сотқа жүгінген С.Ақбаева “SERVICESEM” ЖШС-інде еден жуушы ретінде жұмыс істегендігін айтады.  26.04.2016 жылы уақытша еңбекке жарамсыздығына қарамастан онымен келісімшарт бұзылған. Онымен қоса, жұмыстан босатылған кезде ол жүкті болған, осы жағдайдан кейін оның денсаулық жағдайы күрт нашарлаған.

Ювеналды № 1 соттың судьясы БҰҰ Балалар қорының ЮНИСЕФ және Орталық Азиядағы Penal Reform International ұйымының жобасы шеңберіндегі кездесу мен семинарға қатысты

04/07/2016

Шығыс Қазақстан облысының № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Г.Боранбаева  сотқа дейінгі пробацияның сынақтарға арналған сарапшылар кездесуі мен семинарға қатысты.

 Іс-шаралар БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және Орталық Азиядағы Penal Reform International ұйымының жобасы шеңберінде жоспарланған заңнамалық өзгерістерді сынақтан өткізу ретінде жүргізілді.

Жол жүру ережесін өрескел бұзып жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін қылмыстық жазаға тартылды

04/07/2016

Зайсан аудандық сотында ҚК-тің 345-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін айыпталған (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) Ж.Тоқтарбекке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Зайсан ауданы әкімдігінде «Сот кабинеті» сервисінің жаңашылдықтары жөнінде оқыту семинары ұйымдастырылды

04/07/2016

Зайсан аудандық сотының кеңсе меңгерушісі К.Игілікова Зайсан ауданы әкімдігінің бөлім басшылары мен орындаушы мамандарының арасында «Сот кабинеті» электрондық сервисінің  жаңашылдықтары жөнінде  оқыту семинарын өткізді.

Шараның мақсаты  алдағы уақытта мемлекеттік мекемелерден «Сот кабинеті» электрондық сервисі арқылы  талап арыздар мен  басқа да іс-құжаттарды  сотқа түсіру.

Билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жазаға тартылды

04/07/2016

Зайсан аудандық сотында ҚК-тің 379-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін айыпталған (Билік өкіліне бағынбау) Ж.Біткембаеваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, 2016 жылдың 19 маусым күні Ж.Біткембаева ішімдік ішкен масаң күйінде Зайсан қаласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, полиция бөліміне жеткізбек болған билік өкілдері полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, полиция бөліміне апаруға бөгет жасағаны анықталды.

Басқа адамды қасақана қазаға ұшыратқаны үшін сот қамауға алу бұлтартпау шарасын санкциялады

04/07/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық сотымен күдікті Д.Сизиковқа қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санкциялау туралы тергеушінің ұсыныс хаты қаралды.

Сотта, Д.Сизиков танысының  үйіне келіп, пайда болған даудың салдарынан танысының басынан балғамен бірнеше рет ұрған, алған жарақаттардың салдарынан жәбірленүші оқиға болған жерде жан тапсырғандығы анықталды.

Баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы дау медиация тәртібімен реттелді

04/07/2016

Риддер қалалық сотында А.Кузнецовтың Л.Кузнецоваға кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы арызбен жүгінді, оның шарттары бойынша бала – 2005 жылы  туылған әкесімен өзінің қалауы бойынша кез келген уақытта кездесе алады, ал анасы оған кедергі келтірмейді.

Медиативтік келісім сотпен бекітілді, іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Ата- аналық құқығынан айырылды

04/07/2016

Тарбағатай ауданының № 2 аудандық  сотында Тарбағатай аудандық ішкі істер бөліміне қарасты Ақжар полиция бөлімінің К.Серікбаеваны ата-аналық құқығынан айыру  туралы  талап арызы қаралды.

Бала тәрбиелеуге ата-аналар оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауапты.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисінің қызметін пайдалану уақыт талабы» тақырыбында семинар өткізілді

04/07/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисінің қызметін пайдалану уақыт талабы» тақырыбында семинар сабағы  өткізілді.

Семинар сабағына сот төрағасы  С.Ахмеджанов,  халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Г.Қалтаева, Ақжар полиция бөлімінің бастығы Т.Нұрмұханбетов, Халық банкінің басшысы Ж. Шаянбаева қатысты.

Сот төрағасы С.Ахмеджанов «Сот кабинетіне» тіркелген адам электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болатындығын атап өтті.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

04/07/2016

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы А.Әли, сот мамандары, ШҚО бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бөлім командирі Е.Серікбаев қатысты.

Сот еңбек ақы өндірді

04/07/2016

Семей қалалық соты А.Эннс жеке кәсіпкер А.Құсаиновқа еңбек ақы өндіру бойынша азаматтық істі қарады.

Талапкер жүк тиегіш-машинист  ретінде жұмыс істеген. Сот отырысында еңбек келісімшарты талапкермен жазбаша түрде жасалмағандығы анықталды, зейнетақы жарналары да аударылмаған, зейнетақы қорымен талапкер келісім-шартқа отырмаған. Жұмысты ауызша келісім арқылы атқарған.

Өскемен қалалық сотында «Сот кабинеті» функционалын қолдану» тақырыбында семинар өтті

04/07/2016

Өскемен қалалық сотының төрағасы Б.Тайтөлеуовтың төрағалық етуімен «Сот кабинеті» функционалын қолдану» тақырыбында  семинар өткізілді.

Семинарға Өскемен  қалалық сотының судьясы А.Рамазанова, кеңсе меңгерушісі Ж.Касенова, бас маман Д.Жангудиев және  әртүрлі банк филиалдарының заңгерлері, сот орындаушылары  және коммуналдық мекемелердің өкілдері қатысты.

Семинар барысында  арыздарды, талап арыздарды және хаттарды «Сот кабинеті» сервисі арқылы электронды түрде жолдау  тәртібі түсіндірілді.

Тонау жасауға оқталғаны үшін сотталды

04/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі,  191 бабы 2 бөлігі 2 тармағы (жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіру) бойынша В.Мамбетовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, В.Мамбетов сыртта жәбірленушіні бір ұрып, қолындағы дорбасын жұлып алып, қылмыс жасаған жерінен жасырынып қалғандығы анықталды.

Сарыөлең ауылының Мәдениет үйінде дөңгелек үстел өтті

04/07/2016

Сарыөлең ауылының Мәдениет үйінде Күршім аудандық сотының төрағасы Е.Шымыров  «Медиация – дауды шешудің балама жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Сарыөлен ауылдық округінің әкімі Е.Мажибаев, кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Күршім аудандық сотының төрағасы Е.Шымыров  өз сөзінде дөңгелек үстел  татуласу рәсімдерін насихаттау мақсатында өткізіліп отырғандығы  туралы айтып өтті.

Дау медиация тәртібінде реттелді

04/07/2016

Семей қалалық сотымен К.Ахметованың Ю.Жоуға қатысты жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық шығын мен моральдық залалды өндіру шағымы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде шешу туралы келісімді ұсынып, оның шарты бойынша жауапкер  2016 жылдың 15 шілдесіне дейін шығынның 50 %-ын, қалған соманы 2016 жылдың 1-қазанына дейін өтеуі тиіс,    материалдық және моральдық шығын үшін 650 000  теңге көлеміндегі өтемақыны өтеуге міндеттелді, ал талапкер өз арыз талаптарынан бас тартады. 

Көлікті алкогольдік масаң күйінде басқарғаны үшін жүргізу куәлігінен айырылды

04/07/2016

Жарма  аудандық сотында Әкімшілік Құқық Бұзушылық Кодексінің  608-бабы, 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру)  азамат М.Берікболовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта  жүргізуші  М.Берікболов,  Алматы-Өскемен тас жолында  автокөлігін  ішімдік ішкен масаң күйінде басқарғандығы анықталды. 

Заңсыз дизельдік жанармайды өткізгені үшін сотталды

04/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 197 бабы 3 бөлігі (мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу, ірі мөлшерде жасалған) бойынша Ж.Саржановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, Ж.Саржанов «MilleniumTrade» ЖШС-нің жұмыс істеп жүріп, директордың қолын және мөрін жасап, ілеспе құжаттамаларын даярлап, 17 520 литр көлемінде дизельдік жанармайды басқа мекеменің қоймасына тасымалдаған.

Аса ірі көлемдегі есірткі затын сақтағаны үшін сотталды

04/07/2016

Риддер қалалық сотымен ҚК-нің 296 бабының 4 бөлімімен (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) С.Пономаревке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, С.Пономарев, жалпы салмағы 1084,99 грамм аса ірі көлемдегі «кептірілген марихуана» есірткі затын сату мақсатынсыз пәтерінде заңсыз сақтаған.

Катонқарағай аудандық сотында сот жұмысының 2016 жылдың 1-жарты жылдығын қорытындылауға арналған баспасөз мәжілісі өткізілді

04/07/2016

Катонқарағай аудандық сотында 2016 жылдың 1-жарты жылдығын қорытындылауға арналған баспасөз конференциясын өткізді.

Іс-шараға аудандық сот қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік органдар және жұртшылық қатысты.

 Сот төрағасы Б. Секербеков  бірінші жарты жылдыққа қорытынды жасап, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша жеткен көрсеткіштерді атап айтты.

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында Самар әлеуметтік-медициналық мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізілді

04/07/2016

Көкпекті ауданының № 2  аудандық сотымен жоспарды орындау мақсатында бітімгершілікке келу рәсімін насихаттау мақсатында Самар медициналық-санитарлық мекемесінде «Медиацияның қолданылуы» тақырыбында кездесу өткізілді.

Сот төрағасы ННұралинов мекеме қызметкерлерінің алдында «Медиция туралы» Заңды қолданылу аясы, сонымен қатар оны еңбек қатынастарында кеңінен қолдану жөнінде  жан-жақты тоқталды.