Архив событий

05/07/2016

Семей қаласында партисипативті процедураны қолданудың ерекшеліктері талқыланды

05/07/2016

Семей қалалық соты Достық үйінде «Дауды партисипативті процедура тәртібінде реттеу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Шараға судья Б.Түлеубаева, Семей қалалық заңгерлік кеңестің адвокаттары қатысты.

Дамыған елдердің көпғасырлық тәжірибесіне сәйкес экономикалық өрлеудің қарқыны өзара қарым-қатынастың дамуына ықпал етуші нәтижелі сот жүйесі болғанда ғана жүзеге асатыны дәлелденіп отыр. Нәтижесіз, қауқарсыз сот жүйесі болған жағдайда экономикалық прогресстің орын алуы екі талай.

Денсаулыққа ауыр зиян келтiргені үшін сотталды

05/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 106 бабы 1 бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша Т.Сычевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, Т.Сычев қонаққа шақырылған достарымен бірге спирттік ішімдіктер ішкені анықталды. Спирттік ішімдіктер ішу барысында жәбірленушінің екеуінің арасында жан-жал шығып, нәтижесінде Т.Сычёв  жәбірленушінің  кеудесіне пышақпен соққы келтірген.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

05/07/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 461-бабында (ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған З.Байбуринге  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

05/07/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат Ж.Жанабиловқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот  отырысында Ж.Жанабилов некедегі зайыбы Н.Жанабиловаға  сыйламаушылық көрсетіп, балағат сөздермен тіл тигізіп,  тыныштығын бұзғаны анықталды.

Тарбағатай ауданы Жаңа-ауыл ауылдық округінде «Медиация заңын халыққа жеткізу» жөнінде кездесу өтті

05/07/2016

Тарбағатай ауданының №2 сотының төрағасы С.Ахмеджанов  Тарбағатай ауданы Ақжар полиция бөлімінің бастығы Т.Нұрмұханбетов, Ақжар ауылына қарасты кәсіби емес медиатор Т.Омармен бірге Жаңа-ауыл ауылдық округінің кәсіби емес медиаторларымен және ауылдың мекеме басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесуге Жаңа-ауыл ауылдық округтің әкімі Д.Ниязбеков, кәсіби емес медиатор Н.Ускеева, ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Сағиев және әкімдіктің мамандары, мекеме басшылары қатысты.

Тарбағатай ауданының Маңырақ ауылдық округінде «Медиация туралы Заңының» қолдануы жөнінде жиын өтті

05/07/2016

Тарбағатай ауданының №2 сотының төрағасы С.Ахмеджанов, Тарбағатай ауданы Ақжар полиция бөлімінің бастығы Т.Нұрмұханбетов, Ақжар ауылына қарасты кәсіби емес медиатор Т.Омармен бірге Маңырақ ауылдық округінің кәсіби емес медиаторларымен және ауылдың мекеме басшыларымен кездесу өткізді.

Шараға аталған ауылдық округтің әкімі Қ.Қожахметов, кәсіби емес медиаторМ.Қарақожа, ақсақалдар  аллқасының  төрағасы Ш.Білісбаев және әкімдіктің мамандары, мекеме басшылары қатысты.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен көлік құралын басқару құқығынан айырылды

05/07/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК  596-бабы, 3-бөлігінде (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Б.Тұрғыновқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Ерлі-зайыптылардың некелері сақталып, мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды

05/07/2016

Тарбағатай ауданның №2 аудандық сотына некені бұзу туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында медиатор Т.Дүйсеновтың  қатысуымен  талапкер мен жауапкердің өз-ара татуласуына байланысты, сотқа істі қысқарту жөнінде арыз ұсынылды.

Жанұялық дау реттеліп, отбасы кәсіби емес медиатордың көмегімен сақталып, азаматтық іс тараптардың медиация тәртібімен  келісімге келуіне байланысты өндірістен қысқартылып, талапкерге мемлекеттік баж қайтарылды.

ШҚО Жарма аудандық сотында «Мемлекеттік тілім - ана тілім» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті

05/07/2016

Жарма  аудандық сотында «Мемлекеттік тіл ана тілім» атты тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелге» сот ұжымы, Қалбатау ауылының Георгивка орта мектебінің мұғілімі У.Карманова  қатысты.

«Дөңгелек үстелде» У.Карманова  осы тақырып бойынша әзірлеген баяндамасында мемлекеттік тілдің рөлі мен маңызы, мемлекеттік тілді дамыту және бағдарламаны табысты жүзеге асыру; елімізде барлық тілдер мен мәдениеттердің дамуына қолайлы орта мен жағдай жасалып, жақсы жолға қойылғандығы жөнінде атап өтті.

Риддер қалалық соты төрағасы сот ұжымын «Астана күнімен» құттықтады

05/07/2016

Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Риддер қалалық сотының төрағасы Т.Адаспаев сот судьялары мен кызметкерлерін келе жатқан «Астана күні» мерекесімен құттықтады.

Өз құттықтауында, ол Астананың тек қала, әкімшілік-территориялық бірлік ретінде қарауға болмайтындығын, еліміздің ішкі және сыртқы,  экономикалық және әлеуметтік саясаты осы жерден басталатынын айтып өтті.

ШҚО Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында татуластыру рәсімдерін дамыту мақсатында дөңгелек үстел өткізілді

05/07/2016

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Медиация – жан-жалдарды шешудің жолы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға Катонқарағай ауданының заң кеңесінің адвокаттары, аудан бойынша кәсіби емес медиатор Е.Кешильбаев, Катонқарағай ауылдық округінің және Катонқарағай ауылының Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері қатысты.

ШҚО Ұлан аудандық сотында «Сот қызметкерлерінің әдебі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

05/07/2016

Ұлан аудандық сотында «Сот қызметкерлерінің әдебі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс шараға сот төрағасы М.Халмурзаев, судья Х.Тлеубергенова,  кеңсе меңгерушісі Н.Қисықова, бас  мамандар  А.Ғайсина , С.Ашимжанова, А.Абдрахманова, Р.Чамакаев қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының сот алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды

05/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен ҚК-нің 297 бабының 1 бөлімімен В.Растокин 5 жылға бас бостандығынан айырылып, түзеу колониясында жазасын өтеуге сотталған.

Сотта, В.Растокин кептірілген марихуананы, заңсыз  өткізу мақсатында сақтап, есірткі заты - кептірілген марихуананы шағын мөлшерде заңсыз сақтағандығы анықталды.

Мерзімнен бұрын босату туралы қолдаухатты қанағаттандырмау өзгеріссіз қалдырылды

05/07/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған А.Шельгорнның жеке шағымы мен Семей қаласы прокурорының Семей қаласының №2 сотының сотталған А.Шельгорнға қатысты шартты-мерзімінен бұрын босатудан бас тарту туралы қаулысына  жеке наразылығы қаралды.

Өскемен қалысының №2 сотының шығарылған үкімі өзгеріссіз қалдырылды

05/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен А.Есполова ҚК-нің 345 бабының 1 бөлімімен 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде түзеу жұмыстарына, ай сайын 20 пайыз жалақысынан мемлекет кірісіне және екі жыл мерзімге дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, пробациялық бақылаумен белгілеуге сотталды.

Сот алқасы, сотталушы А.Есполова, автокөлігімен жолда жүру Ережелерін бұзып, абайсызда адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргені  анықталған.

ШҚО Ұлан аудандық сотының үкімімен көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

05/07/2016

Ұлан аудандық соты ӘҚБтК 608 бабы, 1 бөлігі  бойынша (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару) С.Терлекпаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, С.Терлекпаев алкогольдік масаң күйінде автокөлік құралын жүргізу кезінде полиция қызметкерлерімен ұсталғаны анықталған.

Сот қаулысымен  С.Терлекпаев  ӘҚБтК 608 бабы, 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды

05/07/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен А.Лебедев есірткі заттарды заңсыз дайындау, тасымалдау оларды жөнелту не өткізу мақсатымен, түпкілікті 12 жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкі тәркіленіп, жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясына сотталған.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы шартты түрде-мерзімінен бұрын босатудан бас тарту туралы қаулының күшін жойды

05/07/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Семей қаласы №2 сотының сотталған М.Ынтықбаевтың шартты-мерзімінен бұрын босатудан бас тарту туралы қаулысына келтірген Семей қаласы прокурорының жеке наразылығын қарады.

Прокурор келтірген жекеше наразылығында бірінші сатыдағы соттың қаулысы заңсыз және дәлелсіз екендігін көрсеткен. Соттан сотталушының қолдаухатын қанағаттандыруды сұраған.

ШҚО Риддер қалалық сотымен мүлікті бөлу туралы дау медиация тәртібімен реттелді

05/07/2016

Риддер қалалық сотымен А.Минеевтің И.Минееваға жалпы құны 3 миллион тенгелік ортақ үлестік мүлікті бөлу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында  тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді. Оның шарттары бойынша талапкер 2018 жылдың 01 тамызына дейінгі алименттік міндеттемелері есебінен үйдегі үлесінен бас тартады, үйдің құқықанықтаушы құжаттарының түпнұсқасын береді және талапкердің Қазақстан Республикасы  шегінен баламен шығуға рұқсат етеді. 

Өскемен қаласының №2 сотымен тапаншаны заңсыз сақтағаны үшін сотталды

05/07/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 287 бабы 3 бөлігі (атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша Ж.Іңкәрбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру шаралар барысында  Ж.Інкәрбаев ұсталынып, оны жеке тінту кезінде өзімен заңсыз алып жүрген  тапанша табылып, алынғаны анықталды.  

ШҚО Күршім ауданы, Сарыөлең ауылының Мәдениет үйінде дөңгелек үстел өткізілді

05/07/2016

ШҚО Күршім ауданы, Сарыөлең ауылының Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Дөңгелек үстелге» Сарыөлен ауылдық округінің әкімі Е.Мажибаев, Сарыөлең ауылдық округінің  кәсіпқой емес медиаторлары қатысты.

Жарма ауданының №2 аудандық сотында «Сот кабинеті» электрондық сервисі» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді

05/07/2016

Жарма ауданының №2 аудандық сотында «Сот кабинеті электрондық сервисі»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот төрағасы Т.Адильжанов, кеңсе меңгерушісі Г.Адилова, Жарма ауданының прокурорының көмекшісі Г.Тлепбергенов, адвокат М.Оразғалиев, Жарма ауданының ҚАИ өкілі Е.Тоқашев, кәсіби емес медиатор К.Қамалиев және Шар қалалық әкім аппаратының заңгері Е.Сыдықанов қатысты.

Глубокое аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

05/07/2016

Глубокое аудандық сотында «Пробация қызметінің материалдарды рәсімдеуі және сотқа ұсыну мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оған Глубокое аудандық сотының төрағасының м.а. Б.Амиров және Глубокое ауданының пробация қызметінің қызметкерлері, прокурордың көмекшісі А.Безродных қатысты.

Б.Амиров өз сөзінде пробация қызметкерлеріне материалдарды жинауда сапасы мен толықтығына аса назар аударуды ұсынды. Сонымен қатар, ҚР ҚК, ҚІЖК және ҚАК талаптарын сақтауды нұсқады.

ШҚО Күршім ауданының № 2 аудандық сотында семинар өтті

05/07/2016

Күршім ауданының  № 2 аудандық сотында  «Сот кабинеті арқылы әкімшілік және азаматтық істерді жолдау»  тақырыбында семинар өткізілді. Бұл іс-шараға сот қызметкерлері және Күршім ауданының, Теректі ауылдық округінің әкімшілігінің қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Г.Шакирова «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисінің артықшылықтарын көрсете отырып, «Сот кабинеті» сервисі арқылы әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді соттарға жолдауды әрі қарай жетілдірудің қажеттілігін атап өтті.

Семей қалалық сотында "Сот кабинеті" ақпараттық сервисінің мүмкіндіктері талқыланды

05/07/2016

Сот жүйесін жетілдірудің маңызды сұрақтарының бірі - азаматтардың сот төрелігіне деген қолжетімділігі мен оның оңтайландырылуы болып табылады. 

Семей қалалық сотында "Сот кабинеті" электрондық ақпараттық сервисінің мүмкіндіктері" тақырыбында семинар болып өтті. Шараға екінші деңгейлі банктер әрі коммуналдық қызметтердің өкілдері қатысты.

Ұлан аудандық сотымен көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін айыпталды

05/07/2016

Ұлан аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабының 5-ші бөлiгінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзған Өзбекстан азаматы Р.Бакировқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат Р.Бакиров Қазақстанға келу себебін «жеке» мақсатта деп көрсетіп, Өскемен қаласы бойынша мекен-жайға уақытша тіркелгендігі анықталды.

Көші-қон полиция қызметкерлерімен тексеріс кезінде, Р.Бакировтың құзырлы органдардың рұқсатынсыз сауда сатып пайда жасап жүргені анықталды.

Семей қалалық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

05/07/2016

Семей қалалық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.  Сот жұмысының ұйымдастырылуымен танысуға Қазақ гуманиитарлық-инновациялық заң университетінің студенттері келді.

Студенттерге ғимарат бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Олар сот құрылымымен танысып қана қоймай, өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алуға мүмкіндіктері болды.