Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен көлік құралын басқару құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК  596-бабы, 3-бөлігінде (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Б.Тұрғыновқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотта анықталғандай, Б.Тұрғынов өзінің басқаруындағы автокөлігімен Өскемен-Шемонаиха тас жолының 8 шақырымында көрінуі шектеулі жол учаскесінде, «Басып озуға тыйым салынады» белгісінің аймағында жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып, көлік құралын басып озып, сол боймен қозғалған.  

Сот қаулысымен  Б.Тұрғынов ӘҚБтК 596-бабы, 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін   кінәлі деп танылып,  бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

               

 Өскемен қаласының

мамандандырылған әкімшілік сотының

баспасөз қызметі