Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 461-бабында (ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған З.Байбуринге  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта құқықбұзушының ағасы Г.Байбуриннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органымен З.Байбуринге қатысты қорғау нұсқамасы шығарылғандығы анықталды. Қорғау нұсқамасына сәйкес ол ағасының еркінен тыс оны іздеуге, аңдуға, баруға, телефон арқылы ауызша сөйлесуге, басқа да түрлермен қандай да бір қарым-қатынас жасауға, сонымен қатар, қасақана құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасау арқылы дене және психикалық зақым келтіруге тыйым салынғандығы анықталды.

Алайда З.Байбурин қайтадан ұрыс шығарып, жәбірленушінің атына балағат сөздер айтып, ар намысын қорлап,  отбасы-тұрмыстық қатынастағы адамға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасаған. Өзінің бұл әрекеті арқылы қорғау нұсқамасын бұзған.

Сот қаулысымен З.Байбурин ӘҚБтК-нің 461-бабы бойынша кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза  ретінде бес тәулікке қамаққа  алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

 

Семей қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі