Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат Ж.Жанабиловқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот  отырысында Ж.Жанабилов некедегі зайыбы Н.Жанабиловаға  сыйламаушылық көрсетіп, балағат сөздермен тіл тигізіп,  тыныштығын бұзғаны анықталды.

Істі қарау барысында  тараптар медиация тәртібінде келісімге келіп,  тараптардың татуласуына байланысты  соттан әкімшілік істі қысқартуды сұраған.

Сот қаулысымен ҚР-ның  ӘҚБтК-нің  64-бабына сәйкес тараптардың татуласуына байланысты  әкімшілік  іс медиация тәртібінде қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі