Семей қаласында партисипативті процедураны қолданудың ерекшеліктері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық соты Достық үйінде «Дауды партисипативті процедура тәртібінде реттеу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Шараға судья Б.Түлеубаева, Семей қалалық заңгерлік кеңестің адвокаттары қатысты.

Дамыған елдердің көпғасырлық тәжірибесіне сәйкес экономикалық өрлеудің қарқыны өзара қарым-қатынастың дамуына ықпал етуші нәтижелі сот жүйесі болғанда ғана жүзеге асатыны дәлелденіп отыр. Нәтижесіз, қауқарсыз сот жүйесі болған жағдайда экономикалық прогресстің орын алуы екі талай.

Туындаған конфликтілерді сотқа жүгіну арқылы шешуді көздеген де жөн емес. Демек, кез-келген субъектілер арасындағы азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарды реттеу кезінде дауды реттеудің баламалы тәсілдеріне де жүгінген абзал, өйткені әлемдік тәжірибеде  мұндай тәсілдердің рөлі еселене түсуде. 

«Партисипативті процедураны азаматтық процестің кез-келген сатысында: соттың бірінші, аппеляциялық, кассациялық, сондай-ақ атқару өндірісі кезеңінде жүргізуге болады.Тараптармен партисипативті процедура арқылы дауды реттеу туралы келісім  ерікті түрде және осы келісімде көрсетілген мерзімде атқарылуға жатады. Егер партисипативті процедурамен бекітілген келісім ерікті түрде орындалмаған жағдайда,  ол келісімді орындау ережелері бойынша мәжбүрлі орындатуға жатады» - деді судья Б. Түлеубаева.

Шара аясында аталған тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтар талқыланып, оларды шешу жолдары әзірленді.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі