Тарбағатай ауданы Жаңа-ауыл ауылдық округінде «Медиация заңын халыққа жеткізу» жөнінде кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай ауданының №2 сотының төрағасы С.Ахмеджанов  Тарбағатай ауданы Ақжар полиция бөлімінің бастығы Т.Нұрмұханбетов, Ақжар ауылына қарасты кәсіби емес медиатор Т.Омармен бірге Жаңа-ауыл ауылдық округінің кәсіби емес медиаторларымен және ауылдың мекеме басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесуге Жаңа-ауыл ауылдық округтің әкімі Д.Ниязбеков, кәсіби емес медиатор Н.Ускеева, ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Сағиев және әкімдіктің мамандары, мекеме басшылары қатысты.

Сот төрағасы С.Ахмеджанов халыққа «Медиация туралы» Заңының  16 бабына сай ауылдық округ әкімі кәсіби емес медиаторлардың тізімін жүргізеді, кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында  не жұртшылық үшін қолжетімді жерлерде қазақ және орыс тілдерінде орналастырлыуға және оған медиаторлардың енгізілуіне қарай жаңартылып отырылуы тиіс екендігін айтты. 

Ауыл әкімі Д.Ниязбеков осы медиация институтын қолдауға ықпал  етулерінің маңыздылығы жайлы айтты. Осы ықпал ету жұмысын бірлесіп атқару керек және ауылдағы әрбір азамат іске асырылып жатқан заң бойынша хабардар болулары деген ой білдірді.

Жиынға қатысушылар  қойылған сұрақтар бойынша жан-жақты жауаптар алды.

 

Тарбағатай ауданының №2

аудандық сотының  баспасөз қызметі