Тарбағатай ауданының Маңырақ ауылдық округінде «Медиация туралы Заңының» қолдануы жөнінде жиын өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай ауданының №2 сотының төрағасы С.Ахмеджанов, Тарбағатай ауданы Ақжар полиция бөлімінің бастығы Т.Нұрмұханбетов, Ақжар ауылына қарасты кәсіби емес медиатор Т.Омармен бірге Маңырақ ауылдық округінің кәсіби емес медиаторларымен және ауылдың мекеме басшыларымен кездесу өткізді.

Шараға аталған ауылдық округтің әкімі Қ.Қожахметов, кәсіби емес медиаторМ.Қарақожа, ақсақалдар  аллқасының  төрағасы Ш.Білісбаев және әкімдіктің мамандары, мекеме басшылары қатысты.

Тарбағатай ауданының №2 сотының төрағасы С.Ахмеджанов Заңның әкімшілік және азаматтық істерді қарау барысында қолдануы жайлы хабарлап, әкімшілік істердің құқық бұзушының жәбірленушімен татуласуына байланысты тоқтатылатынын, сондай-ақ азаматтық істер бойынша тараптардың арасындағы дауларды кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен елді мекеннен шықпай-ақ медиативтік келісімді бекіту арқылы реттеу мүмкіндіктері барын түсіндірді.

Кездесуге қатысушылар мал бағымы, қараусыз жүрген малдардың егіндікке түсіп кетуіне байланысты қойған сұрақтарына мазмұнды жауаптар алды. 

 

Тарбағатай ауданының №2

аудандық сотының  баспасөз қызметі