Денсаулыққа ауыр зиян келтiргені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 106 бабы 1 бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша Т.Сычевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, Т.Сычев қонаққа шақырылған достарымен бірге спирттік ішімдіктер ішкені анықталды. Спирттік ішімдіктер ішу барысында жәбірленушінің екеуінің арасында жан-жал шығып, нәтижесінде Т.Сычёв  жәбірленушінің  кеудесіне пышақпен соққы келтірген.

Сот үкімімен Т.Сычев денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін кінәлі деп танылып, пробациялық бақылау белгілеумен 3 жылға бостандығынан шектеу жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі