Құрметті әріптестер! Ардақты ағайын!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сіздерді Елордамыз – Астана қаласының 18 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке Астана тұрғындары үшін ғана емес, барша қазақстандықтар үшін айтулы күн. Елордамыз динамикалық түрде дамып, бүкіл елімізді сенімділікпен  өз артынан жетектеп келеді. Мемлекетіміздің  экономикалық , саяси және әлеуметтік жетістіктері, мыңдаған отандастарымыздың  армандары, үміттері және болашағы еліміздің бас қаласымен тығыз байланысты. Аздаған уақыт ішінде  Астана заман талаптарына сай әсем қалалардың  қатарына кіріп, бүгінгі таңда  елдігімізбен  тәуелсіздігіміздің белгісін айшықтай отырып, әлемдік аренада өзіндік орынға ие болды. 18 жылдың ішінде Астана тәуелсіз мемлекеттің табыстылығы мен өркендеуінің нышанына айналды.

Қазақстанның жаңа Астанасының іргетасын қалау идеясының бастамашысы болып табылатын ел Президенті — Елбасы Н. Ә. Назарбаев бірегей еуразиялық ғажайыптың ордасын тіге отырып, Астананың шырайына терең саяси және рухани мән берді. Астана үйлесімділігі ,   дүниенің төрт жағы — Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің мәдениеттерінің тоғысуымен ерекшеленеді. Елбасының жаңа орда тұрғызу жолындағы ізденістері Қазақстанды қуатты мемлекетке айналдырды. Мұнда Елбасының қызметі мен талантының рөлі зор. Нәтижесінде еліміз биік белестерді бағындырды. Президентіміз  Қазақстанды тек Орта Азия көлемінде емес, жаһандық көлемде де қуатты мемлекетке айналдырды.  Республикамызды әлем таныды, мойындады, «Қазақстан жолы» деген ұғым қалыптасты.

         Құрметті әріптестер !

Біз Астананың қалыптасуының куәгерлері және осы ауқымы зор жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін көзбен көру бақытына ие болып келеміз. Осы бір тамаша мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, бірлікпен ынтымақ, Отанымызға гүлдену мен бейбітшілік тілеймін. Халқымыздың баянды бірлігі, ұйыған татулығы жасасын!

«Халықтың қуаты бірлікте» деген халық даналығын ескере отыра, жарқын болашақты мақсат тұтып, ортақ үйіміздегі достық пен келісімді нығайта түсейік. Есіл өзенінің жағалауынан бой көтерген әсем де арман қала – Астана гүлдей жайнап, Әлемнің көрікті қаласына айнала берсін !

 

Құрметпен,

Шығыс Қазақстан облыстық

сотының төрағасы                                                 

Д.С.ӘМІРОВ