Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік шара қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жәбірленуші Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108 бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша сот отырысының мерзімі мен уақыты туралы тиісті түрде хабарланса да, сотқа келмеген.

Сот осы іс-әрекетін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің 653 бабының 1 бөлімі бойынша дәлелді себепсіз сотқа келмеуді  сотқа құрметтемеушілік білдіру деп таныды.

Риддер қалалық сотының қаулысымен жәбірленуші әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік әкімшілік қамау түріндегі әкімшілік шара қолданылды.

Қаулы күшіне енген жоқ.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі