БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар Қорының халықаралық сарапшысы ШҚО №1 Ювеналды сотында болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар Қорының халықаралық сарапшысы, (Швейцария) судья Урсина Вейнхунд  Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында болып қайтты.

2013 жылы, Қазақстан Республикасының Президентінің қарамағындағы Мемлекеттік Басқару Академиясының сот әділдігі институтымен, Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақтың делегациясының және Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ бөлімінің  қолдауымен «Балалардың қатысуымен жүргізілетін қылмыстық және азаматтық істерді жүргізу ерекшеліктері: халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе» нұсқаулығы әзірленген.

Қазіргі уақытта осы нұсқаулықты балаларға іш тарту сот ісін жүргізу тәжірибесімен толықтыру  қажет, осы жұмысты жүргізу үшін ювеналды соттардың  сот тәжірибесімен алмасу қажеттілігі туралы Урсина Вейнхунд судьялармен кездесу барысында атап өтті.

Ювеналды № 1 соттың судьялары Г.Боранбаева, С.Тұтқанбаева балалардың қатысуымен жүргізілетін істерді қарау тәжірибесі, сотқа дейінгі қылмыстық істерді тергеу және сот үдерісі процессуалдық ерекшеліктері бойынша  Урсина Вейнхундының сұрақтарына жауап берді. Қонақтарға БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар Қорының жобасының шеңберінде жабдықталған балаларға дос бөлмелері көрсетілді. Іш тарту бөлмелері осал балаларға (күйзеліске ұшыраған-балалар және куәгер-балалар),  осы мақсатта жеке кіру есігі бар екі бөлме арналған. Бұл бөлмелерде: күту бөлмесі және сот процесіне қатысу үшін жабдықталған жұмыс бөлмелеры орналасқан, бұл бөлмелер шартты түрде аталған, сот залымен бейнебайланыс жүйесімен  жалғанған  «Күншуақ бөлме». Айыпталушы – балалар үшін «Жасыл бөлме» (айыпталушы балалар үшін күту бөлмесі) арнайы бөлінген. 

Урсина Вейнхунд судьяларды тәжірибесімен  алмасқаны үшін алғысын білдірді.

 

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының  баспасөз қызметі