«Медиацияны қолдану тәжерибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында «Медиацияны қолдану тәжерибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға  мемлекеттік мекемелердің  өкілдері  және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Дөңгелек үстел  жұмысын сот төрағасы А.Аринова ашып, өз сөзінде, бұл іс шараны өткізудегі негізгі мақсат  медиация заңының қолданысқа енгізілу аясын кеңейту деп атап көрсетті.

Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы медиацияны қолдану арқылы  қаралған істердің статистикасына талдау жасады.  Атап айтқанда, 2016 жылдың 6 айында 17 қылмыстық аяқталса, оның ішінде медиацияны қолдану арқылы 3 іс, медиация қолдану мүмкіндігі болған 11іс болды, яғни  осы істердің  27,3 % медиация тәртібімен аяқталған.

135 заматтық іс аяқталған,соның ішінде  медиация қолдануға болатын 58 істің 28 медиация тәртібімен аяқталған, яғни бұл істердің 37,9 %.  16 әкімшілік іс яқталған, бұл істер бойынша медиация тәртібін қолдану мүмкіндігі бар, осы істердің 11-і медиация тәртібімен қысқартылған, яғни 68,8%.

Іс шараның соңында, осы бағыттағы  жұмыс жалғастырылатындығы  жайлы айтылды.

 

Ұлан ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз  қызметі