Өскемен қаласының тұрғынымен басқару тәртібіне қарсы құқық бұзушылық жасалған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Өскемен қаласының №2 сотымен  ҚК-нің 378 бабы, 2 бөлігі, 379 бабы, 1 бөлігі, 380 бабы, 1 бөлігі (билік өкiлiн қорлау, билік өкіліне бағынбау, билік өкiлiне қатысты күш қолдану) бойынша Е.Садықовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, Е.Садықов дәмханада келеңсіз әрекет жасағанына байланысты учаскелік инспектор оған ескерту жасаған, ескерту жасағандығы үшін оған тіл тигізіп, күш қолданған және полиция бөліміне барудан бас тартқаны анықталды.

Сот үкімімен Е.Садықов құқық бұзушылық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі