Алаяқтық әрекеттер жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотымен  ҚК-нің 190 бабы, 3 бөлігі, 1,3 тармағы   (алаяқтық, ірі мөлшерде екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған) бойынша И.Спамбетоваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, И.Спамбетова дүкенде әкімші қызметін атқарып жүріп, дүкенге дыбыс-бейне бақылау орнату үшін, сауда орнын жалға алу үшін, бөлімді кеңейту үшін деп 19 жәбірленушіден ақша алған.

Сот үкімімен И.Спамбетова алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған ҚК-тің 55 бабы, 3 бөлігін қолдана отырып мүлкін тәркілеусіз 3 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі