Әкімшілік іс медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотында  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) азамат А.Айтқазинге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта азамат А.Айтқазин өзінің келінін балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, жанұя тыныштығын бұзғаны анықталды.

Сотта ерлі-зайыптылар кәсіби емес медиатор Ж.Маханованың қатысуымен медиация тәртібімен татуласып, бітімгершілік келісім бекітіп, әкімшілік істі қысқартуды сұрады.

 Сот қаулысымен медиация тәртібімен тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік іс тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі