Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай ауданының  №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен, көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған Б.Құмашовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта Б.Құмашовтың автокөлігін алкогольдік спирттік ішімдік ішкен масаң күйде басқарғаны өз дәлелін тапты.

Сот қаулысымен Б.Құмашов Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

 Сот  қаулысы  заңды  күшіне  енген  жоқ.

 

Тарбағатай  ауданының  №2 

аудандық сотының  баспасөз  қызметі