Тарбағатай аудандық сотында неке бұзу туралы іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотында ерлі-зайыптылардың некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта талапкер жауапкермен заңды некеде тұратыны, ортақ некеден үш бала барын, осы жылдары үйде ішімдік ішіп, үнемі жанұя шырқын бұзып, бірге тұруға мүмкіншілік қалмаған соң некені бұзуды сұрады. Ерлі-зайыптылар арасында дүние-мүлікті бөлу туралы және балаларының ата-анасымен қалу туралы даулары жоқ.

Сот шешімімен талапкердің талап арызы қанағаттандырылып, Тарбағатай аудандық Әділет басқармасы АХАЖ қызметімен қиылған неке бұзылып, ерлі-зайыптылардың әрқайсынан айлық есептік көрсеткіштің 75 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі