Берешек өндіру туралы азаматтық іс медиативті келісім бекітумен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Үржар аудандық сотымен  А.Ивановтың жауапкер С.Романенкоға қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

 Сотта  тараптардың арасында  өзара 600 000 теңге  қарыз беру туралы  келісім шарт жасалғаны, оның шарттарына сай жауапкер талапкердің сұраған уақытында қайтаруға міндеттелгендігі анықталды. Алайда, уәделі уақыт өтсе де жауапкер өз міндетін орындамай ғана қоймай,  міндеттемесін орындауға ешқандай әрекет жасамаған.

Сот мәжілісінде тараптар істі медиация тәртібімен реттеуді сұрап  талап-тілек түсірген. Іс бойынша медиатордың қатысуымен бітімгершілік келісім бекітіліп, тараптар бір пікірге, яғни, жауапкер талапкерге 600 000 теңге қарыз сомасын қайтарып беруге міндеттелді.

Сот ұйғарымы заң күшіне енген жоқ. 

 

Үржар аудандық сотының

баспасөз қызметі