Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттер) азамат Д.Нұрсеитовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта  азамат Д.Нұрсеитов өзінің үйінде алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде өзімен бірге тұратын анасымен ұрыс шығарып, ұрыс барысында оған қатысты балағат сөздер айтқандығы анықталды.

Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен татуласқанына байланысты соттан әкімшілік істі қысқартуын сұрады.

Сот қаулысымен әкімшілік іс медиациялық тәртібінде тараптардың татуласқанына байланысты қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

 

Үржар аудандық сотының

баспасөз қызметі