Алименттік міндеттемелерін орындамағаны үшін бас бостандығы шектелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық соты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 139 бабымен (ата-анасының сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден үш айдан аса қасақана жалтаруы)    азамат А.Дригаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

А.Дрига еңбекке жарамды, жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бола тұра, жұмыс іздеп Риддер қаласының жұмыспен қамтуға құзіретті органына жүгінбегені анықталды. 2014 жылдың мамырынан баланы асырауға жұбайына көмек көрсетпеген, балаға алимент төлемеген,   баланы асырау бойынша міндеттемелерін үш айдан аса қасақана орындамаған. Қылмыстық істің қозғалған кезіне алименттік міндеттемелері бойынша борышы 626 558,75 теңгені құрайды.

Сот үкімімен А.Дрига Қазақстан Республикасы ҚК-нің 139 бабымен кінәлі деп танылып, оған пробациялық бақылау орнатумен,  бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі