Тарбағатай ауданының медиаторлары «Медиация» Заңын насихаттауда және татуласу рәсімдерін қолдануда қосқан үлестері үшін алғыс хаттармен марапатталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы С.Ахмеджанов Ақжар ауылдық округінде медиаторлар:Т.Омар, Т.Халықов, Т.Дуйсенов  «Медиация» Заңын насихаттауда және татуласу рәсімдерін қолдануда сүбелі үлес қосқаны үшін Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміровтың атынан алғыс хаттар тапсырды.

Шараға аталған ауылдық округінің әкімі А.Боғырбаев, әкімдіктің мамандары, ауылдық ақсақалдар алқасының мүшелері, мекеме басшылары мен шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.

Қоғамдық медиатор Т.Омар сөзінде облыстық соттың басшылығына медиаторлардың атынан алғысын білдіріп, азаматтардың арасындағы дау-жанжалды сотқа жеткізбей шешудің тиімділігі жөнінде кеңінен айта келе, осы жұмысты алдағы уақытта қарқынды жалғастыру қажеттігін айтты.

 

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі