Өскемен қаласының №2 сотының судьялары «Достық үйінде» кезекті дөңгелек үстел өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотымен «ШҚО Әкімдігі Аппаратының «Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы» КММ ғимаратында «Медиация -дауларды шешудің тиімді әдісі»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Өскемен қаласының №2 сотының судьясы Қ.Салбанова, «Медиация және құқық «Балама» ШҚ орталығының директоры А.Каленова, «Ұлттық Медиаторлар Палатасы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің кәсіби медиаторы Т.Танекенова, Өскемен қаласының Әкімдігі Аппаратының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ халықты қабылдау бөлімі секторының  меңгерушісі Р.Жунусова, Достық үйінің өкілдері: медиация бойынша маман Т.Маратқызы, заңгер-медиатор А.Смағзамова қатысты.

Судья К.Салбанова өзінің баяндамасында Қазақстанда «Медиация туралы» Заң 2011 жылдың 28 қаңтарда қабылданғанын атап өтті. Медиация – екі жақтың еркімен өзара келісімге келу мақсатында медиатордың көмегімен дауды реттеу рәсімі. Дөңгелек үстелге қатысушылар, медиация рәсімінің қолданылуы  артқандығын айтып өтті. Оны қаралған істердің санының артуы растайды.

Іс-шара соңында қатысушылар медиацияны қолдану кезіндегі ұйымдастырушылық мәселелер талқыланып, ұсыныстар әзірленді.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі