Үлбі полиция бөлімінде судья семинар сабағын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы С.Тұтқанбаева Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері арасында «Кәмелетке толмағандардың жасаған заң бұзуы барысында туындаған дауларды медиация тәртібімен шешу» тақырыбында семинар сабағын өткізді. 

Аталған шараға Шығыс Қазақстан облыстық «Альтернатива» құқық және медиация орталығының кәсіби медиаторлары Н.Бақтыбаева, Л.Захарова және «Медиаторлардың ұлттық палатасының кәсіби медиаторы Т.Танекенова, Үлбі полиция бөлімінің инспекторлары  қатысты.

Семинарды аша отырып, ювеналды соттың судьясы С.Тұтқанбаева балаларға қатысты дауларды шешу барысында медиацияның маңыздылығы мен өзектілігін атап айтты. «Медиация туралы» Заңның 2011 жылдың 5 тамызынан бастап күшіне енгені, яғни құқықтық ортада медиация институты төрт жылдан астам уақыт қолданылып жатқаны атап өтті. Қазақстан азаматтарының әрбірі медиация рәсімінің негізін, оның принциптері мен салдарын жете түсінгенде, медиацияның сот рәсіміне қарағанда  артықшылығы айқын болғанда ғана  медиацияның қажеттілігі артатынын атап айтты.

Медиаторлар баяндама оқып, онда медиация туралы толық ақпарат берді.

Семинар соңында Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері судья мен медиаторларға қызықты әрі танымды семинар үшін  алғыстарын білдірді. 

 

ШҚО  № 1 кәмелетке толмағандардың істері  

 жөніндегі мамандандырылған

 ауданаралық сотының баспасөз қызметі