Келтірілген материалдық зиян талапкердің пайдасына өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотында талапкер М.Салқынбаевтың жауапкер Г.Бекбаевадан жол-көлік оқиғасының салдарынан келтірілген материалдық зиянды  өндіру туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта 2016 жылдың ақпан айында жауапкердің кінәсінен болған жол-көлік оқиғасының салдарынан талапкердің автокөлігі бүлініп, материалдық зиян келтірілгені анықталды. Талапкер автокөлігіне келтірілген зиянды бағалатып, автокөлікке келтірілген материалдық зиянды, бағалауға жұмсалған қаржыны, жол шығындарын және төленген мемлекеттік бажды, жиыны 260 550 теңге жауапкерден өндіруді сұрап талап арыз түсірген.

Сот шешімімен талапкер М.Салқынбаевтың материалдық зиянды өндіру туралы талап арызы толығымен қанағаттандырылып, жауапкер Г.Бекбаевадан талапкердің пайдасына 260 550 теңге өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі