Жол жүру ережесін бұзғаны үшін отыз тәулікке қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК 610 бабы, 1 бөлігі, 611 бабы, 3 бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы, жүргізушінің өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасына байланысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы)  бойынша В.Луцқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.

Сотта істі қарауда, құқық бұзушы 11.09.2017 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра, қайта көлікке отырып, артқа қарай қозғалғанда маневр қауіпсіздігін сақтамай, арт жағындағы көлік құралына қақтығысқан. Содан кейін, әкімшілік жауапкершіліктен жалтару мақсатында өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалғаны анықталды.

В. Луц ӘҚБтК 610 бабы, 1 бөлігінде көзделген жауапкершілікке әкеп соғатын ҚР Жол жүру ережесінің 8.1. тармағының талаптарын, ӘҚБтК 611 бабы, 3 бөлігінде көзделген жауапкершілікке әкеп соғатын 2.8.1. тармағының талаптарын бұзған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алу және көлік құралдарын жүргізу құқығынан 9 (тоғыз) айға айыру әкімшілік жазасына тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі