ШҚО Ұлан ауданының №2 аудандық сотында «Отбасылық медиация» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Таврия ауылдық әкімдігі жанында ашылған мадиация кабинетінде Ұлан ауданының №2 аудандық сотының төрағасы «Отбасылық медиация» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына кәсіби емес медиатор Ш.Утепов, Таврия ауылдық окуругінің әкімі, әкімдіктің қызметкерлері, Таврия ауылының әйелдер кеңесінің мүшелері қатысты.

Сот төрағасы қатысушыларға отбасылық медиация жайлы түсіндіріп берді. Жанұялық жан-жалдар әрқашан адамдардың жан күйзелісіне шалдығуымен ерекшеленеді, соның салдарынан алынған эмоциялар адамдарға  дұрыс шешім қабылдауына   кедергі жасайды. Осындай  қолайсыз өмірлік жағдайларда, отбасылық жанжалдарды реттеуде  «Отбасылық медиацияның» маңызы  зор.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар аталған тақырып аясында өздерінің пікірлерін білдіріп, проблемалық мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын әзірледі.

 

Ұлан ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз  қызметі