Қазақстан республикасының аумағынан шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігінде (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған Тәжікстан Республикасының азаматы А. Джумаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, А.Джумаев Қазақстан Республикасына жеке жұмыстарымен келіп, қаладағы дәмханалардың бірінде жұмыс жасаған. Осы әрекеті арқылы, ол Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған. Яғни, жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда аталған рұқсатты алмастан еліміздің аумағында  еңбек қызметін жүзеге асырған.

Сот А.Джумаевты ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, әкімшілік шара ретінде Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығару туралы қаулы етті.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

 

Өскемен қаласының

мамандандырылған әкімшілік сотының

баспасөз қызметі