Ерлі-зайыптыларды медиатор татуластырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73  бабының 1 бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет)  А.Шабденбековқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, А.Шабденбеков өзінің тұрғын үйінде жанжал шығарып, зайыбын балағаттаған, сөйтіп ол өзімен бірге отбасылық-тұрмыстық қатынастағы азаматтың тыныштығын бұзғандығы анықталды.

Сот мәжілісінде кәсіби емес медиатордың қатысуымен жәбірленуші мен құқық бұзушының арасында дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісім ұсынды.

Сот қаулысымен А.Шабденбековке қатысты іс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Күршім аудандық сотының

 баспасөз қызметі