Билік өкілін қорлап, бағынбағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотымен  ҚК-нің 378 бабы 2 бөлігі, 379 бабы 1 бөлігі (билік өкiлiн қорлау, билік өкіліне бағынбау) бойынша М.Столяровқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, М.Столяров ЖКО-да кінәлі болып, оқиға болған жерден жасырынғаны анықталды. Полиция қызметкерлері М.Столяровты ұстап, әкімшілік хаттама толтыру үшін қызметтік көлікке отыруын ұсынған, оған М.Столяров балағаттап, үзілді-кесілді бас тартқан. Полиция қызметкерлері қосымша көмек шақыртып М.Столяровқа кісен түріндегі арнайы жабдықты және  «Перцовый Шок» газды баллонын қолданған.

Сот үкімімен М.Столяров билік өкілін қорлап, бағынбағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 70 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі