Өскемен қаласының №2 соты дыбыс-бейнежазба жаңа жүйесін пайдалана отырып онлайн байланыс арқылы сот отырысын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотында судья С.Бекишеваның төрағалық етуімен ҚР ҚК-нің 177 бабы 4 бөлігі «б» тармағы ( алаяқты, яғни аса ірі көлемде бөтен мүлікті ұрлау) бойынша айыпталған Е.Игенге қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысында онлайн байланыс арқылы Алматы қалалық сотының ғимаратында, Алматы қаласының сот сараптама Институтының 2 сарапшысынан жауап алынды.

Инновациялық технологияларды  қолдану, сот ісін жүргізудің басым бағыттарының бірі, ол бюджеттік ақшаны үнемдеп, сот отырысының созылуының алдын алады.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі