Достық үйінде семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Г.Боранбаева Достық үйінде «Медиация. Қолдану тәртібі және салдары» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

 Осы іс-шараға Шығыс Қазақстан облыстық сотының отставкадағы судьясы Н.Кизаметдинов,  Шығыс Қазақстан облысындағы  «Альтернатива»  медиация және құқық орталығының директоры А.Каленова, ШҚО адвокаттар алқасының адвокаты Б.Мязов, қамқоршы және қорғаншы органының әдіскері Г.Акатаева қатысты.

Семинар барысында медиатор А.Каленова азаматтық істерде  медиация институтын қолдану барысында туындайтын қиыншылықтар туралы, ата-аналар кәмелетке толмаған балалардың мүддесін ескермейтіндігін  айтып өтті. Сондай-ақ, отбасылық даулардың сотта қаралуының бірден бір себебі тараптардың, яғни бұрынғы ерлі-зайыптылардың дауды бейбіт түрде шешкісі келмейтіндігі болып табылатындығын аталып өтті. Сол себептен кәмелетке толмаған баланың мүддесі үшін, балаларға қатысты даулардың барлығын сотқа дейін шешу өте маңызды. Сотқа дейінгі кезеңде,  атап айтқанда қамқоршы және қорғаншы органда дауды шешу барысында медиатордың қатысуы қажет.

Семинардың соңында қатысушылар пікірлерін білдірді.                                                                                       

ШҚО  № 1 кәмелетке толмағандардың істері               

жөніндегі мамандандырылған                                                

ауданаралық сотының баспасөз қызметі