Қарақшылық жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотымен  ҚК-нің 192 бабы 2 бөлігі 3 тармағы (қарақшылық, тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiріп жасалған) бойынша А.Воронкоға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, А.Воронко алкогольдік масаң күйде жәбірленушінің пәтеріне кіріп, оған соққы жасап 10 000 теңгелік форфор мүсінін ұрлап кеткені анықталды.

Сот үкімімен А.Воронко қарақшылық әрекеттер жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі