Пәтердің су басуы салдарынан туған дау бітімгерлік жолмен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық соты В. Владимировтың  К.Сераловаға қатысты пәтерді су басу салдарынан болған шығынды өндіруге қатысты азаматтық істі қарады.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекітіп, келісімге сай жауапкер 86 331 теңге шығынды өтеген жағдайда, талапкер өз арыз талаптарынан бас тартады.

Азаматтық процестік кодексінің 179 бабына сәйкес тараптар кеңесу бөлмесіне соттың шығып кетуіне дейін алғашқы,  апелляциялық, кассациялық сатыдағы соттарда дауды медиация тәртібінде реттеуге өтініш білдіруге құқылы. 

Іс бойынша өндіріс қысқартылды. ҚР Салық Кодексінің 548 бабы бойынша талапкерге төлеген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Ұйғарым  заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі