Қоғамдық тәртіпті қайталап бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 440 бабы  4 бөлігі (Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер) бойынша азамат К.Сейсеновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат К.Сейсенов «орта» дәрежедегі ішімдік ішкен масаң күйінде қоғамдық орында адамның қадір-қасиетін әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін күйде жүргені анықталды.

Бұрын  азамат К.С.Сейсенов қоғамдық орнында ішімдік ішкен масаң күйінде жүргені үшін, бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жазаға тартылған.

Сот қаулысымен азамат К.Сейсенов Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440 бабының 4 бөлігімен кінәлі деп танылып, екі тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Күршім аудандық сотының

 баспасөз қызметі