Бесқарағай аудандық сотында сот қызметкерлері арасында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотының қызметкерлері арасында «Дыбыс-бейне жазу жүйесін сот отырыстарында қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында бас маман – сот отырысының  хатшысы Ж. Ермекова сот отырысының дыбыс – бейне жазбасын қолдану туралы, жұмыс үстеліндегі таңбашаның көмегі арқылы АВТ клиентін ашу және авторландыру,  «жаңа процесс қалыптастыру» түймесін басу, істердің тізімінен қажетті істің нөмірін таңдау немесе қолдан істің нөмірін жасау, сондай-ақ қажет болған жағдайда отырысқа қатысушыларды қосу, жазбаны бастау, камераларды қосу жөнінде түсіндіріп берді.

Сонымен қатар, сот отырысының барысында судьяның кеңесу бөлмесіне кетуі, судьяның кеңесу бөлмесінен келген кезінде «Сот отырысын жазуды жалғастыру» нүктесін басу, сот отырысының барысында істі басқа күнге ауыстырылатыны туралы хабарланса жазбаны тоқтату және  компакт-дискіге жазу  тәртібін түсіндірді.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар сот отырыстарында дыбыс-бейне жазу жүйесін қолдану іске қатысушы тұлғаларды тәртіпке салатыны және сот отырысы хатшыларының жұмысын едәуір жеңілдететіні туралы өз пікірлерін білдірді. 

Семинар барысында бас маман – сот мәжілісінің хатшысы мамандардың  тақырып аясында қойған сұрақтарына жауап берді.

 

Бесқарағай аудандық сотының      

баспасөз қызметі