Медиатордың көмегімен отбасы сақталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлан аудандық сотында неке бұзу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Сотта, талапкердің жауапкермен 2002 жылдан бастап заңды некеде  тұратындығы, сол некеден ортақ кәмелетке толмаған екі балалары бар екендігі анықталды. Мінездерінің келіспеуіне байланысты, жанұяда үнемі   ұрыс жан-жал болғандықтан  талапкер некені бұзу жөнінде талап арызбен  сотқа жүгінген.

Сотта істі қарау барысында тараптар медиация тәртібінде келісімді бекіту жөнінде  өтініш ұсынды. Келісім бойынша тараптар отбасын сақтап қалуды шешті.

Сот ұйғарымымен медиация тәртібімен келіміге келулеріне байланысты, азаматтық іс қысқартылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

Ұлан аудандық  сотының

баспасөз қызметі