Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастағы жанжал бейбіт түрде реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлан ауданының №2 аудандық соты ӘҚБК-нің 73 бабының 1 бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) Ж.Мухамадиевқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта Ж.Мухамадиев үйінде жанжал шығарып, жұбайына былапыт сөздер айтқандығы анықталды.

Сотта істі қарау барысында, жәбірленуші құқық бұзушымен татуласты. Тараптар сотқа бітімгершілік келісімін ұсынды.

Сот қаулысымен іс қысқартылып, құқық бұзушы ӘҚБК-нің 64 бабының негізінде жауапкершіліктен босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотының 

баспасөз қызметі