Алимент төлемегені үшін 5 тәулікке қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ӘҚБтК 669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша М.Калиакпаровқа қатысты  әкімшілік істі қарады.

Сотта М.Калиакпаровтың кәмелеттік жасқа толмаған баласын асырау үшін  табысының ¼ бөлігін өндіру туралы сот бұйрығын орындамағаны, алимент бойынша 1870 636 теңге берешек екендігі анықталды.

Сот қаулысымен М.Калиакпаров Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша кінәлі деп танылып,  оны 5 тәулікке қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.  

 

Семей қаласының мамандандырылған

 әкімшілік сотының баспасөз қызметі