Сот кабинетінің жаңашылдығы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азаматтар онлайн-қызметі арқылы "Сот кабинеті" сервисінің көмегіне жүгіне алады.  Жоғарғы Сот жанындағы сот қызметтерін қамтамасыз ету бойынша Департаментінің бұл жаңашылдығы электронды сот құжаттарының, оның ішінде  сот актілерінің легитимділігін тексеруге бағытталған.

Басты тиімділік деп азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері QR-код (қосесептіліктегі штрих-код) арқылы электронды құжаттардың легитимділігін анықтай алуын айтуға болады.

QR-кодты тексеру үшін "Сот кабинеті" мобильдік  нұсқасын орнату қажет.  Арнайы  функция арқылы QR-кодқа қағаз түріндегі сот актісін сканерлегенде смартфон экранында Жоғарғы Соттың қорғалған сервисіндегі электрондық-сандық қолтаңбамен белгіленген қажетті  талаптарға сәйкестендірілген құжаттың электронды нұсқасы шығады, бұл сот органдары мәлімет базасындағы құжаттың  шынайылығын растайды. Бұл сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз етіп, электрондық сот төрелігіне кезең-кезеңмен өтудегі қадамдардың бірі болмақ.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі