Жәбірленушімен татуласуына орай, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО Шемонаиха аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі 1),3)-тармағымен (ұрлық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалаған әрекеттер) Л.Иванова, М.Железняковаға қатысты айыпталған қылмыстық ісі қаралды.

Сотта, сотталушылардың  топ құрып алдын ала сөз байласып, өндiрiстiк үй-жайдың қорасынан сиырды жасырын түрде жымқырғандығы анықталды.   

Сот отырысында сотталушылар мен жәбірленуші татуласып, материалдық зардаптың орнын толтыруына байланысты жауапкершіліктен босатылып, оларға қатысты қозғалған қылмыстық іс соттың қаулысымен қысқартылды.

Қаулы  заңды күшіне енген жоқ.

 

 Шемонаиха аудандық сотының

баспасөз қызметі