Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны  үшін жауапқа тартылған Д.Долгихқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Д.Долгих жанжал шығарып, жұбайына қатысты қорлайтын былапыт сөздер айтқаны анықталды.

Сотта істі қарау барысында, жәбірленуші құқық бұзушымен татуласып, тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы  келісімді ұсынды.

Сот қаулысымен іс қысқартылып, құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 64 бабының негізінде жауапкершіліктен босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі