Тараптар медиация тәртібінде татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-тің 73-бабының 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер) азамат И.Татариновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарынан, И. Татаринов  анасына дөрекі сөйлеп, тыныштығын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен.

Сот отырысында жәбірленуші мен сотталушы  медиатордың қатысуымен бітімгершілік келісімге келіп, іс бойынша өндірісті қысқартуды сұраған.

Сот қаулысымен әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Курчатов қалалық сотының

 баспасөз қызметі