Көлікті алкоголдік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде  басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік,  есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша  азамат С.Мырзағалиевке қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта С.Мырзагалиевтың алкоголдік масаң күйде көлік жүргізгені анықталды.

Сот қаулысымен С.Мырзағалиев Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.    

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі