Глубокое аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық  сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

 Қабылдауға келген азаматтарды сот төрағасының міндетін атқарушы Б.Әміров қабылдады.

«Ашық есік күні»  шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін арттыру, сонымен қатар, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізілді.

Қойылған сұрақтардың басым бөлігі отбасы-жанұялық қатынастарға қатысты болды.

Қабылдауға келушілерге заң талаптарына  сәйкес түсіндірмелер беріліп, қойылған сұрақтарға толық  жауаптар берілді.

        

Глубокое аудандық сотының

 баспасөз қызметі