Үржар аудандық сотының медиация кабинетінде «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Үржар аудандық сотының  медиация кабинетінде «Медиация күні»  тақырыбында  «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы Д.Серикбай және кәсіби емес медиаторлар Г.Каленова мен С.Жексембаев қатысты.

Іс-шараның мақсаты – халықтың арасында медиация институтына белсенді насихат жүргізу.

Іс-шара өткізу барысында кәсіби емес медиатор С.Жексембаев азаматтардың бірнеше сұрақтарына жауаптар берді, олар медиацияның қолдану саласы, медиаторлардың құқықтық жағдайы, медиацияны жүргізу жағдайы және дауды реттеу туралы келісімге келудің салдары туралы қызықтырған сұрақтарын қойды.

Қорытындылай келе сот төрағасы Д.Серикбай  іс-шараға қатысқан азаматтарға алғысын білдірді.

 

Үржар аудандық сотының

 баспасөз қызметі