Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында медиатордың көмегімен отбасы-тұрмыстық жанжал реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлан ауданының №2 аудандық соты ӘҚБК-нің 73 бабының 1 бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)  Е.Джакеновқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта Е.Джакеновтың алкогольдік масаң күйінде бұрыңғы азаматтық жұбайына келіп, жанжал шығарып, оған былапыт сөздер айтқандығы анықталды.

Сотта істі қарау барысында, жәбірленуші құқық бұзушымен татуласты. Тараптар  сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы  келісім ұсынды.

Сот қаулысымен іс қысқартылып, құқық бұзушы ӘҚБК 64 бабының негізінде жауапкершіліктен босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотының 

баспасөз қызметі