Архив событий

26/05/2016

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы «Медиация татуласуға арналған жол» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

26/05/2016

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Г.Оспанова «Нұр Отан» париясының Риддер филиалының ғимаратында «Медиация татуласуға арналған жол» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына «Нұр Отан» партиясының Риддер филалының төрағасының бірінші орынбасары – Н.Климова, Риддер қаласының әкімі аппаратының жетекшісі – К.Ларионов, кәсіби медиатор-А.Құстаева қатысты.

Қарыз өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

26/05/2016

Тарбағатай аудандық сотына талапкер И. 768 005 теңге көлемінде  қарызды өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сотта істі қарау барысында, тараптар судья-медиатордың   қатысуымен өзара келісімге келіп,  дау  медиация тәртібімен шешілді.  Келісім  бойынша жауапкер талапкерге қарызды 2017 жылдың қыркүйек айына дейін ай сайын 50 мың теңгеден қайтарып тұруға міндеттелген. 

Сот ұйғарымымен азаматтық іс өндірістен қысқартылып, талап арыз бойынша мемлекеттік баж 7 680 теңге талапкер И-ға қайтарылды.

ШҚО Катонқарағай аудандық соты медиация рәсімдерін насихаттауға қатысты дөңгелек үстел өткізді

26/05/2016

Катонқарағай аудандық соты медиация институтын дамытуға қатысты жүргізіліп отырған жүйелі жұмыс аясында Достық Үйінде медиация кабинетінде кеңейтілген дөңгелек үстел өткізіді, бұл іс-шараға аудандық «Нұр Отан» ХДП филиалының басшылығы, Достық Үйінің, ауылдық округ әкімдері, адвокаттар, кәсіби емес медиаторлар және сот қызметкерлері қатысты.

Сот жұмыс беруші мен жұмысшының арасында медиация өткізді

26/05/2016

Сот медиациясы азаматтық іс жүргізу саласында кеңінен қолданылуда. АПК-нің 17-бабының тармақтарына сай, соттың негізгі міндеті тараптардың келісімінің артықшылықтары мен салдарын тараптарға түсіндіру болып табылады.

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотына талапкер О.Исаенко жауапкер Е.Зюбинадан қарыз ақшаны өндіру туралы арызбен жүгінген.

Көлік басқару құқығынан айырылып, қоғамдық жұмысқа тартылды

26/05/2016

Тарбағатай аудандық соты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабы, 1-бөлігімен, яғни көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы бойынша сотталушы У.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта  азамат У. бұрын масаң күйінде көлік құралын басқарғаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлға бола тұра,  алкогольдік  масаң күйінде көлік құралын басқарғаны, соның салдарынан жол  көлік оқиғасы орын алғандығы анықталды.

Достық үйінде «Медиация - отбасылық тұрмыстық жағдайда» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

26/05/2016

Көкпекті аданының №2 аудандық сотының Н.Нұралиновтың бастамасымен Самар ауылының Достық үйінде Самар полиция бөлімі инспектрорларының қатысуымен «Медиация - отбасылық тұрмыстық жағдайда» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді.

Бесқарағай аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

26/05/2016

Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша М.Мукеевке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта М.Мукеев өз үйінде жанжал шығарып, өзінің жұбайына былапыт сөздер айтып, оның тыныштығын бұзғандығы анықталды.

Істі қарау барысында тараптардан медиация тәртібімен татуласуына байланысты істі қысқарту туралы өтініш түсіп, тараптар медиативті келісім жасады.

Сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 64-бабы негізінде тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты іс өндірістен қысқартылды.

Жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады

26/05/2016

Глубокое аудандық соты ӘҚБтК-нің 596-бабы, 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзғандығы үшін азамат И.Милейкоға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта И.Милейко 901FVA16 мемлекеттік нөмірлі «Lada Priora 217230» көлік құралын Өскемен қаласының Қ.Батыр көшесінің №97 үйдің маңында жүргізіп келе жатып, төрт жолақты екі бағыттағы жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып Жол жүру ережесінің 9.2-тармағын бұзғаны анықталған.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, өкінетіндігін білдірді.

Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімін бұзды

26/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-тармағында (шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ тұлғаның визада немесе тіркелген кездегі көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім аяқталған соң үш күннен артық мерзім аралығында ел аумағынан кетуден жалтаруы арқылы Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзуы) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған Қырғыз Республикасының азаматы Х-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ювеналды №1 сотында «Ашық есік күні» өткізілді

26/05/2016

Ювеналды №1 сотында «Ашық есік күні» өткізілді Шығыс қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Осы шараның аясында ювеналды сотқа Жасөспірімдер Үйінің балалықты қорғау жөніндегі инспекторы Т.Саттыбаев, педагог-психолог Е.Бацкель, әлеуметтік педагог О.Сушко, тәрбиешілер, Үлбі полиция бөлімінің инспекторлары Л.Барсаева, Н.Жандарбек, сондай-ақ кәмелетке толмаған Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері, Үлбі полиция бөлімінде есепте тұратын балалар келді.

Медиация кабинетінде дөңгелек үстел өткізілді

26/05/2016

Ұлан ауданының №2 аудандық сотының төрағасы А.Аринованың қатысуымен, Медиация кабинетінде «Татуластыру рәсімдерінің сот тәжиірбесінде тиімді қолдану жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесуге әкімдік, әділет, банк өкілдері және ауданның кәсіби емес медиаторы Ш.Утепов қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты - медиацияны сот өндірісінде жүйелі және дәйекті түрде енгізу бойынша, мүдделі құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту болды.

Жарма аудандық сотында «Қазақстан Республикасына медиацияны енгізу» тақырыбында конференция өткізілді

26/05/2016

Жарма аудандық сотының бастамасымен Жарма ауданы әкімінің ішкі саясат бөлімімен бірлескен «Қазақстан Республикасына медиацияны енгізу» тақырыбында конференциясы өткізілді.

Корнференция жұмысына Жарма аудандық сотының төрағасы Т. Алимханов, Жарма ауданы бойынша қорғаушы  Ж.Абдрахманова, мемлекеттік органдардың және ішкі істер органдарының өкілдері, кәсіби емес медиаторлар, Жарма аудандық сотының судьясы А.Садуакасова қатысты.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында азаматтық іс қаралды

26/05/2016

Ұлан ауданының № 2 аудандық соты В.Нестеренконың А.Нестеренкоға ортақ мүлікті бөлу туралы талап-арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот отырысында тараптардың медиациялық келісім бойынша бітімгершілікке келгендіктерін білдірді.

«Медиация туралы» заңына сәйкес сот ұйғарыммен медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотының

Көші-қон заңнамасын бұзған

26/05/2016

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін, Өзбекстан азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта азамат И.Туйчиев Қазақстанға келу себебін «жеке» мақсатта деп көрсеткен. Кейін Глубокое ауылы бойынша мекен-жайға уақытша тіркелген, алайда көші-қон полиция қызметкерлерімен тексеріс кезінде құзырлы органдардың рұқсатынсыз сауда сатып пайда жасап жүргені анықталды.

Тұтынушылар мен қоғамдық бірлестіктер құқығын қорғау бойынша Департаментінің өкілдері дөңгелек үстел басында тұтынушылардың маңызды құқықтарын талқылады

26/05/2016

Тұтынушылар құқығының қорғалуы мемлекетт­егі азаматтық қоғам көрсеткіштерінің бір­і болып табылады. Аталмыш түсініктер бір­-бірімен тығыз байланысты және тікелей т­епе-тең дәрежеде.

Қалалық­ ­тұтынушылар құқығын қорғау басқармасында­ Семей қалалық сотының судьясы Г.Амирха­нованың қатысуымен тұтынушылар құқығын қорғау тақырыбында семинар болып өтті.

Алимент төлемегені үшін 5 тәулікке қамаққа алынды

26/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша Н.Омаровқа қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта Н.Омаровтың кәмелеттік жасқа толмаған балаларын асыру үшін ШҚО, Семей қалалық сотының 06.10.2015 жылғы сот бұйрығын орындамағаны, алимент бойынша 207 207 (екі жүз жеті мың екі жүз жеті) теңге берешек екендігі анықталды.

Көлікті алкогольдік масаң күйінде жүргізгені үшін көлік жүргізу куәлігінен айырылды

26/05/2016

Шығыс Қазақстан облысы  Жарма ауданының №2 аудандық сотында ӘҚБК-нің 608-бабы, 1-бөлігі, яғни жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру туралы азамат Т.Құрманғалиевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта жүргізуші  Т.Құрманғалиев  автокөлікті  ішімдік ішкен масаң күйінде басқару кезінде, жол полициясының қызметкерлеріне ұстағандығы  анықталды.  

Медиация арқылы отбасы сақталды

26/05/2016

Өскемен қалалық сотында талапкер А-ның. жауапкер А. арасындағы некені бұзу жайлы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер А. жұбайымен ерлі-зайыптық қатынасының шырқы бұзылғанын ескеріп, сотқа арасындағы некені бұзу жайлы  талап арызымен жүгінген. Талап арызында ерлі-зайыптылар мінездері сәйкес келмегендіктен бөлек тұрғанын, ортақ некеден төрт балалары бар екенін көрсеткен. Сот отырысында тараптар дауды медиация арқылы шешу жөнінде ниет білдірді.

Ар намысты қорғау жайлы талап қанағаттандырылды

26/05/2016

Талапкер Л. жауапкер О. ар-намысына, қадір-қасиетіне келтірген нұқсанды және моральдық зиянды өндіру жайлы талап арызбен сотқа жүгінді. Онда жауапкер О. талапкерге қатысты ар-намысына, қадір-қаситетіне нұқсан келетін мәліметтерді жауапкер шығарған кітапта жазғанын, яғни ол 1970 жылдары аспазшы болып жұмыс істеген кезінде оны азық-түлік ұрлады деп айтып көрсеткен, сондықтан соттан аталған мәліметтерді теріске шығару жөнінде газет беттеріне жариялап, жауапкер шығарған 30 дана кітапты жоюды міндеттеуді және моральдық зиян 300 000 теңге өндіруді сұраған.

Сот туберкулез дертінен емдеу үшін тұлғаны мамандандырылған емдеу мекемесіне жіберді

26/05/2016

Өскемен қалалық сотында түзеу мекемесінің сотталған Ф-ны туберкулез дертінен мамандандырылған емдеу мекемесіне жолдау жөніндегі арызы қаралды.

Аталған арызды беруге сотталған тұлғаның туберкулез дертімен ауыруына байланысты, айналасындағыларына дертін жұқтыру эпидемиологиялық қауіп туғызуы себеп болған.

Соттың шешімімен түзеу мекемесінің талабы қанағаттандырылып, сотталған Ф., туберкулезге  қарсы мамандандырылған ұйымға толық емделу курсынан өту үшін жіберілді.  

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында Медиация заңының іске асырылуы бойынша брифинг өткізілді

26/05/2016

Брифингке жергілікті  «Ұлан таңы» газетінің  тілшісі В.Халепа, аудан прокуратурасының қызметкері, ауылдық әкімдік қызметкері мен сот мамандары   қатысты.

Сот төрағасы Ұлан ауданының №2 аудандық сотында Медиация  заңының іске асырылу қарқыны жайлы баяндады.

Сыйға тарту жайлы шартты жарамсыз деп тану туралы талап қанағаттандырудан бас тартылды

26/05/2016

Өскемен қалалық сотында талапкер Т-ның жауапкер К-ға жеке нотариусқа пәтерді сыйға тарту жайлы шартты және меншік құқығын мемлекеттік тіркеу актісін жарамсыз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот тараптарды медиация тәртібімен татуластырды

26/05/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат Б.Батановаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында Б.Батанова отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқық бұзышылық жасағаны, яғни өзімен бірге тұратын анасын балағаттап,оған сыйламаушылық танытып, отбасының тыныштығын бұзғаны анықталды.