Ювеналды №1 сотында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ювеналды №1 сотында «Ашық есік күні» өткізілді Шығыс қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Осы шараның аясында ювеналды сотқа Жасөспірімдер Үйінің балалықты қорғау жөніндегі инспекторы Т.Саттыбаев, педагог-психолог Е.Бацкель, әлеуметтік педагог О.Сушко, тәрбиешілер, Үлбі полиция бөлімінің инспекторлары Л.Барсаева, Н.Жандарбек, сондай-ақ кәмелетке толмаған Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері, Үлбі полиция бөлімінде есепте тұратын балалар келді.

Шығыс қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Г. Боранбаева келушілерге сот жұмысы туралы айтып берді, сот отырысынң залдарын, балаларға тату бөлмелерді көрсетті. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотта қаралатын істердің санаттары (азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер) бойынша ұсыныс берілді.

Судья және кеңсе қызметкерлері келушілердің сұрақтарына жауап берді. Кәмелетке толмаған балалар өз байқауларымен бөлісті және оларға балаларға татуласу бөлмелері үлкен әсер қалдырғанын айтты. Сонымен қатар, балалар заңгер мамандығына қызығушылық танытты.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының психологы Б.Самарбеков психологиялық құндылықтар тақырыбында балаларға сұрақ-сауалнама өткізді.

 

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі